Қоғам

Тоқаев халыққа үндеуін нешеде жасайтыны белгілі болды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдегі төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысының үндеуін республикалық телеарналардан көруге болады

АЛМАТЫ, 16 наурыз –Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты халыққа үндеу жасайды.

Мемлекет басшысының үндеуі эфирге сағат 14:00-де шығады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы жасайтын үндеуі республикалық арналардан бүгін сағат 14:00-де көрсетіледі", - деп жазды Уәли.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Төтенше жағдай режимі

Төтенше жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін енгізілді.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін мемлекеттік комиссия құрылды. Оған премьер-министр жетекшілік етеді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адам, екеуі –Нұр-Сұлтан қаласында, жеті адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туған бала бар.

1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Жаңалықтар
0