10:51 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
326 0 0

Тоқаев азаматтардың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінетіні, бірақ бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылданып отырғанын айтты

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның коронавирус індетімен күресуге толық мүмкіндігі бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.

"Менің жарлығыммен төтенше жағдай егізілді. Ол отыз күнге созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз", - деді мемлекет басшысы.

Президент коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті.

"Жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді, студенттер қашықтан оқу жүйесіне көшті. Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын. Осы шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы аурудың тарауына байланысты туындаған қиындықтарды бірлесе шешуге шақырды. 

"Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына ат салысуы қажет. Еліміздің барлық азаматы өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуым керек. Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің азаматтық жуакершілігіміз осындай сәтте сыналады"- деді Тоқаев.

Қазақстандағы коронавирус

13 наурызда Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жеті адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туған бала бар.

1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады – мемлекет басшысы
"ҚТЖ" компаниясының қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны рас па – ресми жауап
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін – ДСҰ
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты
Тоқаев: Азық-түлікті қымбаттатуға жол берілмейді
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып