17:24 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (856)
4763 0 0

Алматы көшелері қаңырап қалды, тек дәріханаларда халықтың қарасы қалың, олар медициналық бетперде сатып алу үшін кезекте тұр

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Елдегі төтенше жағдайдың алғашқы күні Алматы көшелері айтарлықтай бос болып қалды. Әдетте жұмыс күндері де келушіге толы болатын дәмхана мен мейрамханалар қаңырап тұр деуге болады. Білім министрінің мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын тоқтатпау туралы бұйрығына қарамастан, балабақшалар да жабық. Алайда кей мемлекеттік балабақша өз жұмысын жалғастырып жатыр, оларда кезекші топ құрылған.

Детский сад в Алматы не работает из-за ЧП по коронавирусу
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыдағы балабақша жұмыс істемей тұр

Президенттің бұйрығымен театр, кинотеатр, кітапхана, мұражайлар жабылды.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық тұр. Дәріханаларда адам көп, қала тұрғындары медициналық бетперде сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрады.

Очереди в аптеках
© Sputnik / Тимур Батыршин
Дәріханаларда ұзын-сонар кезек

Қалада медициналық бетперде жетпейді, №2 орталық дәріханада бетперде 150 теңгеден сатылып жатыр. Ал коронавирус пайда болғанға дейін нарықтағы бағасы 15 теңге болды. Дәріханалардағы улы газдан қорғануға арналған респиратор 1 000, 1 600, 1 800 теңгеден сатылып жатыр.

Продажа масок в салоне оптики в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сұраныс артқан сайын бетперденің құны да қымбаттап жатыр

Мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдауды жалғастырады. Банктер қалыпты жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді.

Полиция күшейтілген режимге көшті – әр қиылыста патруль тұр.

Қаланың коммуналдық қызметі аялдама мен жаяу жүргіншілер жолын залалсыздандырып жатыр.

Люди в масках на улицах Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматылықтар көшеге бетпердемен шығып жүр

Бір апта бұрынғы супермаркеттердегі дүрбелең байқалмайды, дүкен сөрелері азық-түлікке толы. Ұн, қант, жарма – барлығы жеткілікті мөлшерде.

Алматылықтардың көпшілігі үйден жұмыс істеуге көшті, тек кейбірі ғана кеңсеге баруды жалғастыруда. Оқушылар демалысқа шықты, ал студенттер онлайн режимде оқып жатыр.

Қазақстандағы төтенше жағдай

16 наурыз таңертең сағат 08.00-ден бастап Қазақстан бойынша бір айға төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл 15 сәуірге дейін жалғасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін төтенше жағдай режимі жарияланды.

Елімізде қоғамдық тәртіп күшейтілді, ірі сауда нысандарының (азық-түлік дүкендері мен базарлардың бір бөлігі жұмыс істей береді) жұмысы тоқтатылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)

Тақырып бойынша

Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі ұзартылуы мүмкін
Дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады – мемлекет басшысы
Тоқаев қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады
"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді
"90 миллиард доллар бар": Тоқаев ақшаны қайдан алатынын айтты
Кілт сөздер:
Алматы, төтенше жағдай
Загрузка...

Басты тақырып