18:12 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (856)
320 0 0

Министр маңызды талаптың бірі ұзын-сонар кезекке жол бермеу екенін атап өтті. Егер адамдар жиналып қалса, олар бір-бірінен кемінде бір метр алыс тұруы керек

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Енді қазақстандықтар ірі сауда орталықтарына тек маскамен ғана кіре алады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр төтенше жағдай режиміне байланысты сауда орындарына қойылатын талаптарға тоқталды.

"Ірі сауда нысандары өз аумағына бетперде киген адамдарды ғана кіргізуі тиіс. Егер келген адамда маска болмаса, сауда орны өздері ұсынып, коронавирустың алдын алу туралы жадынама таратуы керек. Сонымен қатар, барлық кіріп-шығатын есікке тепловизор орнатуға міндетті", - деді Сұлтанов астанада өткен брифингте.

Бұдан бөлек, министр маңызды талаптың бірі ұзын-сонар кезекке жол бермеу екенін атап өтті. Егер адамдар жиналып қалса, олар бір-бірінен кемінде бір метр алыс тұруы керек.

Ол ірі сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына шектеу енгізілгенін еске салды.

Енді ірі сауда нысандары мен азық түлік базарлары таңғы оннан кешкі алтыға дейін істейді. Бұл ретте айта кетсек, ірі сауда орталықтарына аумағы екі мың шаршы метрден асатын нысандар жатады. 

Пустой фудкорт в торгово-развлекательном центре Нур-Султана
© Sputnik / Арман Аскаров
Астанадағы сауда орталығы бос тұр

Ал киім кешек, басқа да тауарлар сататын базарлар таңғы он бірден кешкі жетіге дейін ашық болады.

Сонымен қатар, Сұлтанов қоғамдық тамақтану орындарына "онлайн жеткізуге" көшуді ұсынды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)

Тақырып бойынша

Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы
Ақорда Тоқаевтың арнайы жарлығын жариялады
"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді
Төтенше жағдайдың алғашқы күні: Алматыда не болып жатыр
Мамин министрлер мен әкімдерге қандай тапсырма берді
Кілт сөздер:
министр, адам, бетперде, сауда орталығы
Загрузка...

Басты тақырып