18:43 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1485 0 0

Руслан Дәленов арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылдан бастап салық төлемейтінін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Бизнесті қолдау мақсатында 7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіні жер салығынан босату көзделіп отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шамамен 7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықты төлеуден босатылады. Сонымен қатар, мүйізді ірі қара малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына салынатын қосылған құн салығынан босату болжанған", деді Дәленов үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді де табыс салығынан босату ұсынылып отыр.

Оқи отырыңыз: Ірі сауда орталықтары мен кинотеатрлар салықтан босатылады

Министр арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылдан бастап салық төлемейтінін еске салды.

"Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді де қолдауға болады деп санаймыз", - деді ол.

Айта кетсек, үкімет президенттің бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін жеті негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасын әзірлеп жатыр.

Олар – қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексеруді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

Тақырып бойынша

"Бұдан жағдай жақсармайды": Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Жыл соңында кімдер салық төлемейді - үкімет түсініктемесі
2020 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады
Биылдан бастап кімдер салық төлемейді – министрлік еске салды
Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, салық
Загрузка...

Басты тақырып