19:39 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1068)
1039 0 0

Қашықтан жұмыс істеу мүмкін емес ұйымдарда жұмыс беруші Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес толық емес жұмыс күнін енгізуге құқылы. Ал ондай жағдайда еңбекақы нақты жұмыс істеген уақыты бойынша төленеді

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда "Бақытты отбасы", "Белсенді ұзақ өмір" орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Қызметкерлердің жалақысы сақталады, орталықтың жұмысы қашықтан жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қашықтан жұмыс істеуге көшкен жағдайда еңбек тәртібі жұмыс уақытының есебі бойынша Қазақстан Еңбек кодексінің 138-бабына (Қашықтан жұмыс істеу) сәйкес анықталады. Жалақы толық көлемде төлене отырып, жұмыс уақыты жұмыс берушінің актісімен реттеледі. Осы ретте Еңбек кодексі жұмыс берушіні қашықтан жұмыс атқару үшін жағдай жасауды міндеттейді", - деді Әлкебайұлы.

Қашықтан жұмыс істеу мүмкін емес ұйымдарда жұмыс беруші Еңбек кодексінің 70-бабына (Толық емес жұмыс уақыты) сәйкес толық емес жұмыс күнін енгізуге құқылы. Ал ондай жағдайда еңбекақы нақты жұмыс істеген уақыты бойынша төленеді.

Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы

"Егер қашықтан жұмыс істеу режимін енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайда немесе жұмыс берушілер өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болса, Еңбек кодексінің 112-бабы (Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу) басшылыққа алынады. Аталған бап бойынша бос тұрып қалу уақытына ақы төлену керек. Бұл жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгілейді", - деді басқарма басшысының орынбасары.

Егер еңбек немесе ұжым шартында өзге де талаптар болса, онда төлем сол талапқа сәйкес жүргізіледі. Алайда жалақының ең төменгі мөлшері 42 000 теңгеден төмен болмауы керек.

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, төтенше жағдайларда жұмыс беруші штат санын қысқарта алады.

"Бұл жағдайда жұмыс беруші Еңбек кодексінің 131-бабына (Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері) сәйкес бір ай бұрын жұмысшыны хабардар етуі керек және жұмысшының орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуі қажет", - деді ол.

Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан, 6 ай ішінде азаматтардың жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеуге құқығы бар. Қаржы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  төленеді.

"Төлем бұрын алған жалақының 40% мөлшерінде жүргізіледі. Ол үшін қаланың Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет, оны қашықтан жасауға болады, одан әрі әлеуметтік төлем жұмысшының қатысуынсыз тағайындалады", - деді ол.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Ол үшін 9 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1068)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтардың кредитті қалай төлейтіні айтылды
Бүгіннен бастап қарттар үйі мен интернаттарда карантин енгізілді
Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция
"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
Қаржы министрі дағдарыс кезінде аурухана салу тәртібін түсіндірді
Загрузка...

Басты тақырып