20:04 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1068)
1306 0 0

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 жағдайы тіркелді. Барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Коронавирус анықталған 2 жасар сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін коронавирус жұқтырған тағы үш адам анықталды. Олардың бірі – Берлин-Алматы рейсімен ұшып келген 2018 жылы туған бала. Ол жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Рейс 13 наурызда ұшып келген болатын, ұшақта болған 12 адамның барлығы бірден карантинге жатқызылды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық", - деді Әбілдаев.

Одан бөлек, бүгін тіркелген екі науқас бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулауға орналастырылған. 

"Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 жағдайы тіркелді. Барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Арасында Германиядан ата-анасымен бірге келген 12 жастағы бала бар. Ол балалар жұқпалы аурулар аурухансында ем алып жатыр. Байланыста болған барлық адам провизорлық стационарларға 14 күнге жатқызылды", - деді басқарма басшысы.

Ауру жұқтырғандардың барлығы Қазақстан азаматы. 

Алматы қаласында 729 адам провизорлық карантинде жатыр, үй жағдайындағы карантинде 760 адам бар. Үй жағдайында карантинде жатқан адамдарға емхана қызметкерлері күнделікті қоңырау шалып, жағдайын сұрап отыр.
Сондай-ақ, басқарма басшысы карантинде жатқан азаматтарды үй мерзіміндегі карантинді толығымен өтеп, туыстарды, қонақтарды шақырмауға, достарымен тікелей қарым-қатынас жасауға жол бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда тағы 3 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

"Бірінші науқас – "Берлин-Минск-Алматы" ұшағы арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылы туған қыз бала. Ол қазір Алматы қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Екінші науқас 1966 жылы туған азамат, ол Мәскеуден бізге 10 наурызда ұшып келді. Алматыдағы көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды. Үшінші науқас 1956 жылы туған азамат, ол  да Мәскеу қаласынан 10 наурызда келген", - деді ол.

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 27 адам коронавирус жұқтырды, 11 адам – Алматыда, 16 адам – Нұр-Сұлтан қаласында. Індетке шалдыққандар арасында 2 жастағы және 12 жастағы екі бала бар.

Қазақстан бойынша 1536 адам станционарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.
Коронавирустың алдын алу мақсатында Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ол 30 тәулікке жалғасады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1068)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған он төрт адам туралы тың дерек шықты
Қазақстан коронавирусқа байланысты транзиттік пойыздарды ел аумағына кіргізбейді
Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы
Қазақстан мешіттерінде жұма намазы уақытша оқылмайды
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Кілт сөздер:
бала, коронавирус, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып