14:40 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (856)
1838 0 0

Алматы қаласының әкімі төтенше жағдайға байланысты қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгізгенін айтты

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда карантин коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекет басшысының шешімімен төтенше жағдай жарияланды. Шешім дұрыс. Қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустің таралуына хабарланған сәттен бастап Алматы аумағында инфекцияның алдын алу шарасы жүргізілді. Екі жарым айдың ішінде Алматы әуежайының мемлекеттік шекарасында шұғыл қорғаныс шаралары жасалды", - деді Сағынтаев.

Ол коронавирус өте қарқынды таралып жатқанын алға тартты.

"Бүгінге дейін 15 жағдай тіркелді. Бұл бізді жылдам шешім қабылдауға мәжбүрледі. Сондықтан мен төтенше жағдайға байланысты қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім бір сағат бұрын қабылданды", - деді қала әкімі.

Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату. Қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу. 

Люди в масках на улицах Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы көшелерінде тұрғындар бетпердемен жүр

Қала әкімінің айтуынша, Алматыда коронавирустың алдын алу үшін бірқатар негізгі шаралар іске асады. 

Оның ішінде мегаполисте көшелерді, жаяу жүргінші жолын жуу және дезинфекциялау жұмыстары атқарылады. 

"Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиологиялық дезинфекцияны күшейту және іргелес аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Карантин кезінде азаматтар мен көліктердің Алматы қаласы аумағына кіру, шығуы шектеледі", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар қала әкімінің шешімімен, Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеті орнатылады. Ол блок бекеттерінде патрульдік полиция полкінің, СОБР-дың, "Гранит" полкінің, қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күші жұмылдырылады.

"Қалаға бірінші кезекте қажет тауарлар, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді және гигиена  құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" жүзеге асырылады", - деді Сағынтаев.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 17 адам, Алматы қаласында – 15 адам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады. 

Тағы оқыңыз: "Нұр-Сұлтанда дәрі шашады": Министрлік желіде тараған хабарламаға жауап берді 

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін осындай шешім шығарды.

Соған сәйкес, 19 наурызда сағат 19.00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады
"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
Банк салымшылары үшін қауіп-қатер жоқ – Әбілқасымова
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті
Загрузка...

Басты тақырып