06:21 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (867)
404 0 0

Сыртқы істер министрлігі отбасының мәселесін біліп отырғанын жеткізді. Осы орайда тиісті шаралар қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда тұратын Өзбекстан азаматы төрт жасар қызымен бірге Қазақстанға қайта алмай отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген қыздың анасы мәселенің мән-жайын айтып берді.

"Біздің екі қызымыз бар. Жолдасым бір апта бұрын Ташкентке туған-туыстардың үйіне кеткен, жанында бір қызымыз бар. Біз Алматыда қалдық. Дүйсенбі, 16 наурызда олар үйге – Қазақстанға қайтып келмекші болған. Бірақ Өзбекстан шығармай қойды. Олар бір тәулік бойы шекарада тұрды. Бірақ ешкім нақты түсініктеме бере алмады. Басшылардың біреуі де шықпады. Телефонмен "Жоқ, болмайды" деп қысқа ғана қайыра салады. Мен өзім порталға хабарластым, кеден комитетіне бардық. Бірақ ешкім не істеу керектігін айтқан жоқ", - деді Наталья Частная. 

Сыртқы істер министрлігі отбасының мәселесін біліп отырғанын жеткізді. Осы орайда тиісті шаралар қолға алынды. Алайда екі ел шекараны жауып тастады. Оған қоса, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Сол себепті ер адам көрші мемлекеттен шыға алмай отыр.  

"Бүгін (17 наурыз – Sputnik) бізге Қазақстанның бас консулдығы хабарласты. Олар бір ғана жол бар дейді. Шекараға барып, қызымды жаяу өткізіп береді. Ал күйеуім шыға алмайды. Өзбекстанның заңы солай. Карантиннің қай кезде аяқталатыны да белгісіз. Енді, екеуі де карантин біткенше Ташкентте қалатын сияқты", - дейді Наталья.

Дүйсенбі күні Тәжікстанның жүздеген азаматы да тура сондай жағдайға тап болды. Олардың бәрі Қазақстанға кірген, бірақ Өзбекстанмен арадағы шекарада тұрып қалды. Өйткені екі мемлекет те коронавирус эпидемиясына байланысты өткізу бекеттерін жауып тастаған. Тәжікстандықтар Ресейден қайтып келген. Енді, Өзбекстан арқылы өз үйлеріне кіре алмай отыр. Артқа қайтуға да рұқсат жоқ. Себебі Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі осы мәселені шешуге тырысып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды

Бұдан бөлек, Sputnik Қазақстанға Германиядан келген туристер хабарласты. Олар Орталық Азия елдерін аралап жүр. Алматыда көлікті қалдырып, Өзбекстанға ұшып кеткен. Енді, Қазақстанға кіре алмай отыр. Ташкенттен Еуропаға ұшып кетуге де мүмкіндік жоқ. Себебі әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (867)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады
Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды
Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция
Министр Тұрғымбаев карантиннен қашқандар туралы айтып берді
Кілт сөздер:
шекара, карантин
Загрузка...

Басты тақырып