Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамға жетті

© Sputnik / СтрингерКарета скорой помощи в Алматы
Карета скорой помощи в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда коронавирус инфекциясын тағы екі адам жұқтырды, Қазақстанда сырқаттардың жалпы саны отыз бес адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласында тағы 2 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Жалпы 35 науқас тіркелді, оның он сегізі – Нұр-Сұлтан қаласында, он жетісі – Алматы қаласында.

"Коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Оның біріншісі 1998 жылғы қыз, студент. 15 наурызда Стамбұл -Алматы рейсі арқылы ұшып келген болатын. Екіншісі 1974 жылғы әйел, 10 наурызда Мәскеуден ұшып келді. Екеуі де қазір стационарда, ем қабылдап жатыр. Жағдайлары жақсы", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Елорда мен Алматы карантинге жабылады

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады

Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданды. 

Жаңалықтар
0