Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Санитарная обработка улиц Алматы в связи с коронавирусом
Санитарная обработка улиц Алматы в связи с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда тағы бір адамда коронавирус анықталып, 18 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

НҰР-СҰУЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамда коронавирус анықталғанын хабарлады.

"Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта елде 36 адамда анықталып отыр. Алматыда -18, астанада - 18 адам", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Коронавирус эпидемиясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа өңірлеріне коронавирустың таралуына жол бермеу үшін осындай шешім шығарды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады. Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

 

Жаңалықтар
0