15:52 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1344)
1476 0 0

Қазіргі кезде арнайы станционарда 60-там астам қызметкер науқастарды емдеп жүр. Олардың ішінде дәрігерлер мен медбикелер бар 

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирусты емдеп жүрген дәрігерлер туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде арнайы станционарда 60-там астам қызметкер науқастарды емдеп жүр. Олардың ішінде дәрігерлер мен медбикелер бар. 

"Олар стационардан шықпайды. Сол жерде барлық жағдай жасалған. Ғимараттың бір бөлігі толығымен жабдықталған. Жұмыс уақыты біткен соң, сол жерде демалады, тамақтанады. Сөйтіп, келесі ауысымға шығып, жұмыс істей береді. Бұл - эпидемиологиялық режимнің талабы", - деді Қисықова кешкі онлайн брифингте.

Басқарма басшысы науқастардың қазіргі жағдайына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, 18 адамның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты деңгейде. 14 науқастың жасы 30-49-дың арасында болса, екеуі 50-59 жаста, бір адам 30 да толмаған және 14 жастағы бір жасөспірім бар.

Күні кеше коронавируспен анықталған 16 адамның жақын туыстары да табылды. 32 адамның ішінен 25 ауруханаға карантинге жатқызылды. 6 адам аймақтарда бақылауға алынды. Тағы бір адам коронавируспен болған туысқанымен жақын араласқан. Ол – бірінші топтағы мүгедек. Әзірше, оны үйдегі карантинге отырғызды.  

"Ал ұшақпен келген 5 науқас туралы айтатын болсақ, олармен бірге ұшақта болған барлық жолаушы анықталды. Барлығы – 467 адам. Олардың ішінде 428-і табылды. 39 адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы уақытқа дейін 93 адам ауруханаға жатқызылды. Біреуі басқа елге кетіп қалды. 267 адам үйдегі карантинде отыр", - деп атап көрсетті Қисықова.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1344)
Загрузка...

Басты тақырып