13:29 30 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (865)
526 0 0

Коронавирусқа байланысты сауда орындарында кезектегі адамдар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Елордада енді қант, ұн, күріш және қарақұмық бір адамға тек бес келіден сатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы  Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елорда тұрғындарына қант, ұн, күріш және қарақұмық өнімдері бес келіден артық сатылмайды. Яғни, дүкенге бір барғанда әр өнімнен ең көбі бес-бес келі ғана сатып ала аласыз.

Сонымен қатар күнбағыс майына да бес литрге дейін шектеу енгізілді.

"Күріш, ұн, қант, кептірілген жеміс жидектер қапталған күйде сатылуы керек. Бұл талап көкөніс пен жеміс жидектерге қатысты емес", - деді ол.

Бұдан бөлек, Бекмырзаев сауда орындарында кезекте тұрған адамдар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек екенін атап өтті.

Карантинге байланысты дәмханалар, мейрамханалар, асханалар жұмысын тоқтатады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда пойыздар жүруін тоқтатады – қазақстандықтарға уақыт берілді

Ал үй ауласындағы азық-түлік дүкендері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылды.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 37 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда -18.

Республикада 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (865)

Тақырып бойынша

Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция
Алматыда 2 жасар қыздың анасы да коронавирус жұқтырған
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Нұр-Сұлтанда сот қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны рас па?
Коронавирус жұқтырғандарды емдеп жүрген дәрігерлер үйге бара ма?
Алматыға келген тағы бір адамда коронавирус табылды - министрлік
Загрузка...

Басты тақырып