Қоғам

Желіде Мұхтар Жәкішевтің түрмеден шыққаннан кейін түскен суреті жарияланды

© AP Photo / STRМұхтар Жәкішев
Мұхтар Жәкішев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 19 наурызда Семейдегі абақтыдан бостандыққа шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Мұхтар Жәкішевтің түрмеден босап шыққаннан кейін достарымен түскен суреті пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сурет қазақстандық бизнесмен Арманжан Байтасовтың Instagram парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арманжан Байтасов (@armanzhan)

"Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, үйіне келді!", - деп жазды ол суреттің астына.

Суретке Байтасов пен Жәкішевтен бөлек, белгілі бизнесмендер Нұрлан Смағұлов, Болат Әбілов пен Райымбек Баталов түскен.

Жәкішев мерзімінен бұрын үш жыл, екі ай және 17 күнге ерте босатылып отыр. Жазасының өтелмеген мерзімі аяқталғанға дейін ол тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болады. Осы уақыттың ішінде Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынады.

Мұхтар Жәкішевтің ісі

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев елордада 2009 жылдың мамырында ұсталды. Оған ірі уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Президент Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді

Сот процесі жабық өтті. Жәкішев сот үкімімен кінәлі деп танылып, 14 жылға сотталды.

2018 жылы шілдеде ол Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырылды. Бұған дейін ол Алматы облысындағы Заречный ауылында, содан кейін Қарағанды облысындағы Долинка елді мекенінде жазасын өтеген болатын.

Жаңалықтар
0