Қоғам

Әкімдік Алматы карантинге жабылғалы қанша адам қаладан кеткенін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинЛюди в защитных костюмах на выезде из Алматы после введения карантина
Люди в защитных костюмах на выезде из Алматы после введения карантина  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Блок бекеттер қойылған сәттен бастап қалаға 17 810 көлік кірген, оның ішінде 47 325 адам болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Алматы қаласына блок бекет қойылған уақыттан бастап 27 032 адам қаладан кетті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Блок бекеттер қойылған сәттен бастап қалаға 17 810 көлік кірді, оның 16 038-ы жеңіл автокөлік, 663 микроавтобус, 1 109 жүк көлігі бар. Ішінде 47 325 адам болған.  Алматы қаласының тұрғыны болып табылмайтын 2 374 көлік иесіне қалаға кіруге рұқсат берілген жоқ",  - делінген ақпаратта.

Алматы қаласынан 27 032 адам өзге өңірге бет алған.

"Блок бекет қойылған уақыттан бастап 10 772 көлік басқа өңірге бет алған, оның  ішінде 27 032 адам болған", - деді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар Алматыда он бір көп қабатты үйдің карантинге жабылғаны хабарланды.

Карантинге жабылған үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз дейді қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

"Мүмкін кварталдың бәрін емес, бір подъезін ғана қорғайтын шығармыз. Мұның бәрі штатта қарастырылып жатыр. Қандай шешім қабылдайтынымыз туралы Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік комиссиямен ақылдасып жатырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, он тоғызыншы наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі енгізілді.

Тағы оқыңыз: Түркістанда үш әйел бүтін бір отбасына коронавирус жұқтырды деп жала жапты

"Карантин он тоғызыншы наурызда енгізілді. Кіріп-шығуға мүлде болмайды. Сыртта жүрген алматылықтарды, Алматыда жүрген өзге аймақтан келген азаматтарды өз үйлеріне шығарамыз деген ойға келдік. Коронавирус қалада болғаннан кейін оны сыртқа шығармау – басты міндет. Мемлекеттік комиссиямен осы мәселені қарастырып жатырмыз",- деді Қожағапанов.

Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізілген болатын.

Жаңалықтар
0