17:30 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (848)
185 0 0

Марат Бекетаев қазіргі санкциялар тиімсіз екенін атап өтті. Сондықтан жазаны күшейту шаралары қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев карантинді бұзғаны үшін жазаның күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Онлайн брифинг кезінде тілшілер карантин талаптарын бұзуға қатысты сұрақ қойды. "Карантин ережесін сақтамағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату туралы бастама көтеріліп жатыр екен. Нақты қалай қатаңдатылмақ?", - деп сұрады журналистер.

Алматыда коронавирустың он ошағы табылды: олар қалай карантинге алынады?

Министрдің айтуынша, қазіргі санкциялар тиімсіз. Сондықтан жазаны күшейту шаралары қолға алынды. 

"Қазіргі кезде бұл мәселе қарастырылуда. Нақты қандай санкциялар болады және қашан күшіне енетінін айта алмаймын. Бірақ жақын арада осы шешімдер қабылданады", - деді Бекетаев.

Карантиннен жалтару

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантин режимі енгізілген.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 90-бабына сәйкес азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексерістен өтіп, емделуге міндетті. Ол үшін стационарлық немесе үй карантинінде жату қажет.

Карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру фактілері үшін 40 АЕК-ке (106 040 теңге – Sputnik Қазақстан) дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Билік өкілінің талабына бағынбау

Ал төтенше жағдай кезінде уақытша шектеулерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Атап айтқанда, Әкімішілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабына сәйкес, 10 АЕК (26 510 теңге – Sputnik Қазақстан) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  Қылмыстық кодекстің 379-бабында 2 000 АЕК (5 302 000 теңге – Sputnik Қазақстан) айыппұл салудан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза бар.

Санитарлық ережелерді бұзу

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін 500 АЕК-ке (1 325 500 теңге – Sputnik Қазақстан) дейін айыппұл және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін 5 миллион теңгеге дейінгі айыппұл белгіленген.

Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметті тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

Егер мұндай әрекеттерден кейін індет абайсызда жаппай тараса немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауапкершілік туындайды. Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша 2 000 АЕК (5 302 000 теңге – Sputnik Қазақстан) айыппұлдан 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (848)

Тақырып бойынша

Алматыдан кеткен тұрғындар екі апта үйде отыруға міндеттелді
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты
Алматыда ер адам коронавирус үшін өз-өзіне "қол жұмсайтынын" айтты – видео
Коронавирус жұқтырған екі жастағы баланың жағдайы нашарлады
Марат Бекетаев: Коменданттық сағат енгізілмейді, төтенше жағдай жеткілікті  
Кілт сөздер:
Қазақстанның әділет министрлігі, карантин
Загрузка...

Басты тақырып