Қоғам

Жол жабылды: Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин кезінде кімдер кіре алады

© Sputnik / Владислав ВодневТранзиттік автокөліктер жүргізушілері анкета толтырып жатыр
Транзиттік автокөліктер жүргізушілері анкета толтырып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалаға кіріп-шығуға 22 наурыздан бастап тыйым салынды. Алматы әкімдігі карантин кезінде енгізілген шектеулер кімдерге қолданылмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қалаға кіріп-шығу бойынша жадынама бекітті.

Дәл осындай ережелер ел астанасында да күшіне енді.

Карантин жарияланған мегаполистерге кімдер кіре алады

Енгізілген шектеулер, растайтын құжатын көрсеткен жағдайда, мынадай азаматтар мен көліктерге қолданылмайды:

1) медициналық көмек және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, сондай-ақ медициналық персонал (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар). Жүргізушілер - орталық деректер базасына (ОДБ) сәйкес жеке куәлігі бойынша;

2) азаматтық қорғау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері (ОДБ сәйкес жеке куәлігі бойынша);

3) коммуналдық және апаттық қызметтердің қызметкерлері мен көліктері (автокөлік мемлекеттік нөмір белгісі бойынша және ОДБ сәйкес жеке куәлігі бар жүргізушілер);

4) жерлеу қызметінің қызметкерлері мен көлігі (қазалы шеру кезінде 20 адамнан артық және 4 көліктен артық болмауы тиіс);

5) жүк және кез-келген жүк түрлерін тасымалдаушы транзиттік көліктер: көліктер жүк тиелген немесе бос болуы мүмкін және жүргізушімен бірге бір жолаушыдан артық адам болмауы керек;

6) арнаулы инкассатор көлігі;

7) қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда Алматы қаласы полиция департаменті, ТЖД, прокуратура, ҰҚК департаменті, Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері мен көлігі;

8) Ұлттық гвардияның әскери мамандары, Қарулы күштер және шекара қызметінің (Алматы әскери гарнизоны) қызметкерлері қызметтік куәлігін немесе әскери бөлім командирінің қолы қойылған әскери билетін және тиісті құжатын көрсеткен жағдайда; жедел қызметтегі әскерилер тек арнайы автокөлікпен;

9) Қазақстан аумағына бұрын кірген шетелдіктердің елден шығуы үшін;

10) Бұрын шет елге шығып кеткен Қазақстан азаматының Алматы мемлекеттік әуежайы арқылы елге қайтуы үшін;

11) ерекше жағдайлардағы денсаулық сақтау ұйымдарының растайтын құжаттары бар, Алматы қаласынан емделуге шыққан Қазақстан азаматтары;

12) Алматы қаласына шұғыл емделуге келген басқа өңірлердің тұрғындары, ерекше жағдайларда медициналық мекемелердің растайтын құжаттары ұсынылған кезде;

13) медициналық анықтама бойынша Алматы қаласындағы медициналық орталықтардан ем алып шыққан басқа аймақтардың тұрғындары;

14) медициналық анықтама бойынша сәбиімен Алматы қаласындағы перзентханадан шығарылған әйелдер;

15) еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстаннан шығатын, сонымен бірге Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

16) пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалдау процесіне қатысатын адамдар, әуе кемелері экипаждары (тиісті мәліметтер базасындағы жеке куәлік бойынша);

17) Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шет мемлекет азаматтары бір рет Алматыға кіргенде, оның өзінде (отбасылық қатынастар фактісі расталған жағдайда – жұбайы, ата-анасы және балалары);

18) әуе және теміржол транзитімен жүрген Қазақстан азаматтары мен шет мемлекет азаматтары, Алматы қаласына кіру/шығу кезінде растайтын құжаттар ұсынған кезде;

19) Алматы қаласына кіріп/шыққан жағдайда медициналық анықтамамен карантиндік оқшаулаудан өткен (Жедел штабтың орталық деректер базасына сәйкес жеке куәлігі бар) басқа аймақтардың тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары;

20) зертханалық қызметтердің талдау жүргізуге және биоқалдықтарға қажет биоматериалдарды қалаға жіберуіне рұқсат етіледі. Тек оларды тасымалдайтын автомобильдердің қалаға кіруіне не шығуына шектеу бар.

21) Алматы қаласына арнайы жағдайларда Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың арнайы рұқсатымен келген қалаға кіріп-шығатын адамдар.

Жаңалықтар
0