НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша, қазіргі уақытта Алматы қаласында 24 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус жұқтырды, жалпы 60 науқас тіркелді.
Қазақстанда 16 наурыздан бір айға төтенше жағдай режимі енгізілді, ал 19 наурыздан Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.