Қоғам

Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам қайтыс болды

© Photo : АО "НК "КТЖ"Новый терминал международного аэропорта Астаны
Новый терминал международного аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылардың айтуынша, ер адамда коронавирус белгілері болмаған. Оның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанның халықаралық әуежайында ер адам көз жұмды. Марқұм Мәскеу арқылы Вьетнамнан ұшып келген туристердің арасында болған. 

"Ер адам өзін жайсыз сезініп, бір уақытта эпилепсия кезіндегідей селкілдей бастады. Оған жұрт көмек көрсетпекші болды, бірақ ол көз жұмды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне рейс жолаушыларының бірі. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. 

"Бүгін жедел жәрдем қызметіне сағат 18:58-де хабарлама түсті, сағат 19:06-де бригада әуежайда болды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді", - деді басқармадағылар Sputnik-ке. 

Жолаушылардың айтуынша, ер адамның бойында коронавирус белгілері болмаған. 

Scat әуе компаниясының хабарлауынша, паспорт тексеретін жерде ер адамның жүрегі ұстап қалған.

"Ұшақ ішінде оның жағдайы жақсы болды, ол ешбір мәселемен бортсеріктерге жүгінген жоқ. Жанында адамдар болған", - деді компанияның баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, ұшып келгендердің барлығы елордадағы қонақ үйлердің бірінде жабдықталған стационарға карантинге жатқызылды. Олардан коронавируске анализ алынады. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті

Жаңалықтар
0