13:51 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
290 0 0

Қазақстандық дипломаттардың көмегімен Мысыр, Түркия, Венгрия мен Оманнан 800-ден астам отандасымыз оралды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. 22 наурызда 803 отандасымыз шет елдерден Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің дипломаттары біздің туристерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға қолғабыс көрсетті.

"Scat әуе компаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия  қалаларында уақытша болған азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар Түркиядан 536 азаматты елге жіберуге көмек көрсеткен.

Бұдан бөлек, 32 азамат Венгрия мен Оман мемлекетінен елге жіберілді.

Тақырып бойынша

Шетелде жүрген бес мың қазақстандық шұғыл елге қайтарылады 
Министр елге оралған қандастарға қатысты жағымды жаңалықты жеткізді
Министрлік қазақстандықтарға 8 елге бармауға кеңес берді
Қазақстан Қырғызстан азаматтарына елге паспортсыз кіруге тыйым салды
Загрузка...

Басты тақырып