Қоғам

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адамның жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі жағдайда Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың үш оқиғасы тіркелді. Ал Қазақстан бойынша COVID-2019 дертіне шалдыққандар саны 67 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тағы бір жағдайға артты. Сырқаттанған адам қазір Алматы қаласында. Осылайша, қалада ауруға душар болғандар саны 29 адамға жетті.

Айта кетейік, бүгін таңертең ғана Нұр-Сұлтан қаласында екі, Алматы қаласында екі оқиға тіркелгені хабарланған болатын.  

Қазақстан бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 67 адамға жетті. Оның 34-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Қазақстандағы коронавирус

Елімізде коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. 16 наурыз күні елде төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылды.

Төтенше жағдай қашан аяқталады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда әлі бұл вирусқа шалдығудың шыңы тіркелмегенін айтты. Сондықтан билік екі қалада карантиннің аяқталу мерзімін нақты айта алмайды. Абаевтың айтуынша, карантин тезірек аяқталуы үшін дәрігерлердің талабын орындау керек.

Жаңалықтар
0