18:56 18 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD422.90
  • EUR498.90
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1515)
188 0 0

Алматы билігі қарт адамдар далаға шықпауы үшін зейнетақыны үйге жеткізетін болады, қазір тізім жасалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматыда 70 жастан асқан қарияларға зейнетақыны үйге жеткізетін болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Қазпошта" АҚ арқылы 80-нен асқан қала тұрғындарына зейнетақаны үйге жеткізу қызметі болған. Енді, карантинге байланысты осы қызметті 70 жастан асқан зейнеткерлерге де көрсету жоспарланып отыр. 

"Қазіргі кезде 70-тен асқан зейнеткерлердің тізімі жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз – барынша көп адамды қамту. Сонда олар үйде отырады, зейнетақы алу үшін қалаға шықпайды, банкке бармайды. Адам көп жүретін жерде отырмайды. Бұдан да басқа бастамалар болады. Біз онымен шектелмейміз", - деді Тұяқбаев бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда 230 мың зейнеткер тұрады.

16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Тағы оқыңыз: Алматыда азық-түлік пакеттері таратыла бастады

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1515)

Тақырып бойынша

"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
Министрлік Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адамның жағдайы белгілі болды
Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды
Алматыда жөтеліп тұрған ер адам лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетті – видео
Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды
Кілт сөздер:
зейнетақы, қария
Загрузка...

Басты тақырып