19:46 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (406)
207 0 0

Бұған дейін қазақстандық дипломаттардың бірінің әкесі Германияда коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелде коронавируспен ауруханада жатқан қазақстадықтардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Германиядағы Қазақстан азаматының жағдайы жақсарды. Оны ауруханадан шығарды. Қазіргі кезде ол неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинде жүр", - деді Абаев бүгінгі брифингте.

Ал Венгриядағы тағы бір қазақстандықтың жағдайы қанағаттанарлық. Әйел адам ауруханада ем-дом қабылдап жүр.

Бұдан бөлек, министр қанша қазақстандықтың шетелге шықпай, коронавирусты елде жұқтырғанын айтты.

"Қазақстанда 13 адам коронавирусты жұқтырды. Осы ауруды 29 адам алып келген. Оған қоса, 26 адам олармен ұшақта бірге болған", - деп атап көрсетті Абаев.

Төтенше жағдай режимі

16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (406)

Тақырып бойынша

Қазақстанда тегін азық-түлік беру тәртібі бекітілді
Қазақстанда бір реттік төлем барлығына неге берілмейді – министр түсіндірді
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды
Алматыда азық-түлік пакеттері таратыла бастады
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Үкімет мұнайдың бағасы 25 долларға түскен жағдайда не болатынын айтты
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып