04:35 01 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (478)
341 0 0

Айзат Молдағасымова 14 күн бойы үй карантинінде болды. Сынама оның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова жұмысқа шықты. Ол үй карантинінде болған.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта болғаны хабарланды.

"Наурыздың 10-нан 24-не дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. Екі рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Молдағасымова коронавирус бойынша қауіпті саналмайтын елден Германия арқылы транзитпен ұшқанын айтты.

"Германия вирус қаупі бойынша екінші санатта болатын. Мен транзиттік аймақта небәрі бір жарым сағат болдым", - деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырды. Елордада - 41, Алматыда -31, Қарағандыда - 2,  Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте 1 жағдайдан тіркелді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (478)

Тақырып бойынша

Алматыда жөтеліп тұрған ер адам лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетті – видео
Алматыда азық-түлік пакеттері таратыла бастады
Алматыда қарияларға зейнетақыны үйге жеткізіп береді
Германияда коронавирустан емделген қазақстандық ауруханадан шықты
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды
Загрузка...

Басты тақырып