20:52 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (408)
110 0 0

Мемлекет басшысы індет ежелден оптимизм мен өмірге құштарлық салтанат құрған, адамдардың жігері мұқалмайтын жерлерді айналып өтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық биотехнология орталығында коронавирусты жылдам анықтауға мүмкіндік беретін тест жүйесімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ұлттық биотехнология орталығында отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері президентке ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.

Глава государства посетил Национальный центр биотехнологии
Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша жұмысты бастап кетті

Қазіргі уақытта ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмыстарын бастап кетті.

Тоқаев биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан ғылымының құзыретін арттыру үшін отандық әзірлемелердің маңыздылығын атап өтті.

"Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

Президент азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырды.

"Бірақ, ешқандай дүрбелең туғызуға болмайды. Өйткені, індет ежелден оптимизм мен өмірге құштарлық салтанат құрған, адамдардың жігері мұқалмайтын жерлерді айналып өтеді. Сонымен қатар кімде-кім депрессияға түсіп, қайғыға салынатын болса, инфекция да соған үйір болады. Сондықтан бәріміз бірге болуымыз керек. Ал ауырғандарға келетін болсақ, оларды ешқандай да шеттетпейміз. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіледі. Біз оларға да, карантинде жатқан азаматтарға да қамқорлық жасаймыз", - деді Тоқаев.

Мемлекеттің қамқорлығы

"Салықтық жеңілдіктер мен кредит жүктемелерін төмендету шараларын есептемегенде, дағдарысқа қарсы жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Бұл - бұрын-соңды болмаған сома. Біздің алдымызда қазір осы қаражатты өте тиімді жұмсау міндеті тұр. Біз осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Жағдай бақылауда, азаматтар мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Бұл - біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы", - деп қорытындылады президент.

 Глава государства посетил Национальный центр биотехнологии
Мемлекет басшысы ұлттық биотехнология орталығында отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты

Бұған дейін отандық ғылыми ұйымдар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген болатын. Жалпы вакцинаның 28 түрі жасалып және диагностикалық тест жүйесінің технологиялары әзірленді. Мұның кейбірі шетелдерге шығарылады.

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.

25 наурызда екі науқас аурудан жазылғаны белгілі болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (408)

Тақырып бойынша

Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?
Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз
Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгереді
Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып