19:34 18 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD422.90
  • EUR498.90
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1515)
163 0 0

Республикада төтенше жағдай режимін бұзғандарға 26 510 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін алпыстан астам адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Азаматтарымыздың басым көпшілігі төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарайды. Алайда естілік танытуға бәрі бірдей дайын емес. Негізінен заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша тіркелген. Мұның жазасы 10 АЕК (26 510 теңге – Sputnik) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан, өңірлерде тойлар тыйылмай тұр, дәмханалар мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмысын тоқтатқан жоқ.

"Барлығы осындай 313 факті анықталды. 94 азамат жауапқа тартылды, олардың 64-і қамауға алынды", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.

26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1515)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгереді
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Сәбиге Корона деген есім қойылды
Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды
Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз
Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты
Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Дәурен Абаев, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып