Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

© Sputnik / Елена БережнаяПодъезд, где жила заразившаяся коронавирусом девушка, оцеплен в Петропавловске
Подъезд, где жила заразившаяся коронавирусом девушка, оцеплен в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде тағы жеті адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта барлығы 88 жағдай тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы жеті адам тапсырған сынама COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

26 наурыз сағат 08:05-те бес адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Елордада үш, Алматыда екі жағдай тіркелгені хабарланған болатын.

Кейін 08:25-те астанада тағы екі адам жұқтырғаны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, 88 адамда COVID-19 анықталды:

  • астанада  – 46  адам,
  • Алматыда – 34,
  • Қарағандыда - екі жағдай,
  • Алматы облысында - 1,
  • Ақтөбе облысында - 1 адам,
  • Шымкентте - 2 адам,
  • Жамбыл облысында - бір жағдай,
  • Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің 15-не дейін жалғасады.

Кеше, 25 наурыз күні Тоқаев коронавирус жағдайы биліктің бақылауында екенін айтты.

Жаңалықтар
0