04:42 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
68602

Заң жобасына сәйкес, бейбіт жиындарды өткізетін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарлауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Мәжіліс "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасы қаралды. Құжат халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген.

Заң жобасына сәйкес, енді бейбіт митинг өткізгісі келетін қазақстандықтар жергілікті атқарушы органға жиынға қанша адам қатысатынын он бес күн бұрын хабарлауы тиіс.

Егер жергілікті әкімдіктен жауап келмесе, бейбіт жиын келісілген болып саналады.

Құжатта бейбіт митингтерді жергілікті мәслихат айқындайтын арнайы орындарда ғана өткізу көзделген. Сонымен қатар, бейбіт жиналыстарға тыйым салатын және оны тоқтататын негіздердің толық тізбесі бекітіледі.

Бейбіт жиналысты өткізуге кедергі келтіретін объективті мән-жайларға арнайы орынның бос болмауы, митингтің елді мекен инфрақұрылымының қалыпты жұмыс істеуін бұзуы немесе азаматтардың қауіпсіздігіне әсер етуі секілді жағдайлар жатқызылады.  

Тағы оқыңыз: "Жауыз қылып бітірдік": депутат митингте "адамдарды сүйреп әкететіндер" туралы айтты

Заң жобасын талқылау барысында мәжілісмендер бір адамдық пикет өткізуге тыйым салынатын орындарды бекітуді ұсынды. Бұл стратегиялық, әскери, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары және тағы басқа. Депутаттар осы тізім заң жобасында нақты жазылуы тиіс деп санайды.

Соынмен қатар, құжатта бейбіт жиындарды ұйымдастырушылар, қатысушылар және журналистердің мәртебесін, құқығы мен міндетін бекіту көзделіп отыр.

Төменгі палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

"Біз еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Біріншіден, осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер, ең алдымен, мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ол жаңа құжат қазақстандықтарға кез келген мәселені ашық және еркін айтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ілеспе заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды.

Тақырып бойынша

Тұрғымбаев: заңсыз митинг кезінде ұсталған төрт адам жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митинг: қанша адам ұсталғаны белгілі болды
"Бұл бәрібір болатын нәрсе": Президент митинг туралы пікір білдірді
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, митинг
Загрузка...

Басты тақырып