03:14 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Депутаттар әскери арсенал, базалар мен қоймалардың жанындағы тыйым салынған аймақтардың аумағын белгілеу үшін заң жобасына түзетулер енгізуді ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда әскери арсеналдар аймағындағы құрылыс үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар туралы заң жобасы қаралды.

Құжаттың негізгі мақсаты - Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының қауіпсіз жұмыс істеуін, сондай-ақ оқ-дәріні сақтау кезінде төтенше жағдайдың туындауы мүмкін болған кезде халықты, азаматтық және басқа да инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Заң жобасында арсеналдардың, базалар мен қоймалардың аумақтарын, сондай-ақ белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегінде іргелес жатқан аумақтарды ерекше жер пайдалану шарттары бар аймақтарға жатқызу көзделіп отыр.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жойқын жарылыс: кімдер тергеуге алынды

Сонымен қатар, оқ-дәрі арсеналдарын, базалары мен қоймаларын пайдаланумен байланысты емес шаруашылық және өзге де қызметті жүргізгені үшін, ғимараттар мен құрылыс жайлар салғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді.

Бұдан бөлек, қала құрылысы талаптарына осындай аумақтарда құрылыс салуға енгізілген тыйым да қосылады.

Қазақстан үкіметіне тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және олардың тізбесін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді беру қарастырылған.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар қажет етпейді.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тақырып бойынша

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарынан қандай шағым түсіп жатқанын айтты
Тоқаев Арыс қаһармандарын атады
Кілт сөздер:
әскери база, оқ
Загрузка...

Басты тақырып