03:38 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
278 0 0

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 28 наурыздан бастап карантин режимі күшейтіледі, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Мемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті:

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа); 
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, одан кейін Алматы қаласында – 40 адам. 

Қарағанды қаласында – 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелді.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы қаласы карантинге жабылды.

Тақырып бойынша

Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр
Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды
Психолог карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып отырғандарға кеңес берді
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Загрузка...

Басты тақырып