02:13 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (408)
47 0 0

Жаңа ережеге сәйкес, елорданың халықаралық әуежайына басқа елдерден келген барлық жолаушы карантинге жіберіліп, коронавирусқа қарсы тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда соңғы төрт күнде басқа елдерден ұшақпен келген тағы 1448 адам карантинге жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр 

"Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық әуежайына келген барлық азаматты оқшаулау туралы шешім қабылданды. Осы жұмыстың аясында біз 22 наурыздан 25 наурызға дейін халықаралық әуежайға келген барлық 18 рейстегі 1483 жолаушыны оқшауладық", - деді Қисықова брифингте.

Басқарма басшысының айтуынша, олардың әрқайсысына зертханалық зерттеу жүргізілген.

"Осы жолаушылардың үшеуінен індет табылды. Оларды ауруханаға жатқызып, емдеу бойынша жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жақын қарым-қатынаста болғандар анықталды", - деп толықтырды Сәуле Қисықова.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, одан кейін Алматы қаласында – 40 адам. 

Қарағанды қаласында – 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (408)

Тақырып бойынша

Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып