20:22 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1384)
304 0 0

Ол елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан көз жұмған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты. 

"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Ол елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салып өтті.

"Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", - деді президент.

Кеше төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.

Мемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті:

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу;
  • Шымкент қаласында әуежай, теміржол және автовокзал, коронавирус індетін жұқтырған адам тіркелген тұрғын үй алабы жабылады, карантин енгізілді.

Халық көп жиналатын жерлер, атап айтсақ, саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары және тағы басқа орындар жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін тапсырыстарды үйге дейін жеткізеді. Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 120 адамға жетті.   

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1384)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері келгендердің үшеуі коронавирус жұқтырған
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны артты
Кілт сөздер:
коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып