05:19 01 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (478)
975 0 0

"Қазақтелеком" мен мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп "Карантиндегі жұлдыз" жобасын іске қосты

АЛМАТЫ, 27 наурыз –Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Рымбаеваға халықпен бірге болғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жезтаңдай әнші, Еңбек ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты "Қазақтелеком" мен мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп "Карантиндегі жұлдыз" жобасын іске қосты.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Еуропаға гастрольдік сапарын тоқтатты

Кеше Роза Рымбаеваның онлайн концерт беретіні жайлы хабарланды. Сонымен қатар бұл идеяны Димаш Құдайберген, Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі және өзге де әртістер қолдады.Олардың қай уақытта концерт өткізетіні кейінірек белгілі болады.

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында –3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам тіркелді.

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандакоронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлады.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режиміжарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (478)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды
Кілт сөздер:
Роза Рымбаева, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып