Қоғам

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на остановке в Нур-Султане
Люди в масках на остановке в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қазіргі уақытта 124 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы үш адам коронавирус жұқтырды, олар Атырау облысында тіркеліп отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

"27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді", - делінген хабарламада. 

Сонымен, қазіргі уақытта дертке шалдыққандар саны 124-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Атырау облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам.

Жаңалықтар
0