20:59 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (408)
219 0 0

Марқұм Алматыда 6 адаммен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың бәрі қаланың провизорлық ауруханаларына оқшауланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыда алты адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы оқшауланды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз өңірдегі әріптестерімізден ақпарат алдық. Бүгінде Алматы қаласы бойынша жақын байланыста болған 6 адам анықталды. Олардың бәрі қаланың провизорлық ауруханаларына оқшауланды", деді Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифингте.

26 наурызда астана ауруханасында Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Марқұм 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Шетелге шықпаған.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмған әйел жатқан аурухана карантинге жабылды  

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертония және атеросклероз кезіндегі сепсис. Пневмонияға коронавирус себеп болған.

"Пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Коронавирусқа анализ алынды. Қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ол. 

Әйелді жерлеу рәсімінен кейін марқұмның үйіне толығымен дезинфекция жасалады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (408)

Тақырып бойынша

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?
Алматыда жас жігіт қоқыс шығаратын көлікпен жасырын қаладан шықпақ болды
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны Қытайдан асып түсті 
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды
Жамбыл облысындағы үш науқастың бәрі көрші елден келген
Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған әйел оңтүстікте қонақта болған
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып