00:36 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1067)
313411

Министрдің айтуынша, бір түнде қырықтан аса адамнан коронавирус инфекциясының табылуы алаңдатарлық жағдай

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев індетке шалдыққандардың күннен күнге көбеюіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде қырықтан аса адамнан анықталуы алаңдататын жағдай. Вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жатты. 1 899 адам стационарлық карантинде жатыр, үш жарым мың адам үй карантинінде. Алты мыңнан аса адам ауырғандармен байланыста болған, олардың 95%-і анықталды. Қазір біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр," - деді Абаев онлайн брифингте.

Осы ретте министр Италиядағы жағдайды мысал етіп, қазақстандықтарға үйден шықпауға кеңес берді.

"Өзге елдердегі жағдайға қараңыздар. Италияда бір күнде 960 адам қайтыс болған. Оның барлығы сақтық шарасына салғырт қараудың салдары. Бұл жағдай барлығымызға сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус, әсіресе, жасы үлкен адамдарға қауіпті. Өзіміз үшін қорықпасақ та, үлкендерімізді ойлайық. Кейбір адамда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін, ондай адамдар үйде отырмаса, өзі білмей басқа адамдарға жұқтырады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Айта кетейік, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті. Бұған дейін он бес адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. 

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал елорда мен Алматы карантинге жабылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1067)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді
Маңғыстау облысына коронавирус қайдан келді - дәрігер ақпарат берді
Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз дертінен сауықты
Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемге құжат қабылдау басталды
Карантиндегі Алматы: құс қанаты талатын биіктіктен түсірілген қала - видео
Мұғалім ауыл тұрғындарына коронавирус жұқтырды деп жала жапқан  
Алматыда бір науқас ауыр хәлде жатыр
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам сауықты
Кілт сөздер:
Дәурен Абаев, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып