11:13 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2914 0 0

Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында билік Қарағанды облысының бес қаласын карантинге жабу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысының бес қаласы карантинге жабылады. Бұл туралы брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларының аумағында карантин енгізіледі.

Қала тұрғындары үшін шектеулер 30 наурыз 00.00-де күшіне енеді.

Айта кетсек, 19 наурыздан бері астана мен Алматы қаласы карантинде. 16 наурызда елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол отыз тәулікке созылады. 

Соңғы деректер бойынша Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған жеті адам тіркелген. 

Загрузка...

Басты тақырып