Қоғам

Күшейтілген карантин кезінде далада спортпен айналысуға болмайды - министр

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуУчастники на дистанции марафона, архивное фото
Участники на дистанции марафона, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күшейтілген карантин кезінде далаға тек үш мақсатта ғана шығуға болады, оның қатарында таза ауада спортпен айналысу жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты далада спортпен шұғылдануға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әділет министрлігі күшейтілген карантин кезінде далаға тек үш мақсатта ғана шығуға болатынын еске салды. Олар – жұмыс, азық-түлік пен дәрі-дәрмек. Осы орайда әділет министрі Марат Бекетаев Еуропа елдерінің тәжірибесі не себепті сақталмағанын түсіндірді.

"Қазіргі кезде Еуропаның кейбір елдері спорт жаттығуларын жасау үшін далаға күніне бір рет шығуға рұқсат берді. Алайда біз денсаулық сақтау министрлігінің пікіріне жүгініп отырмыз. Мамандардың ойынша, инфекцияның таралуы жағынан спорттық жаттығулар онымен айналысатындарға ғана емес, айналадағы адамдарға да қауіпті. Осыған байланысты спортпен айналысу үшін далаға шығуға рұқсат берілмеді", - деді Бекетаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде спортпен үйде де айналысуға болады. Ол жағынан арнайы әдістемелер бар. Дәл сол әдістемелерді уақытша қолдана тұру қажет.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 адамға жетті.

Жаңалықтар
0