Қоғам

Қазақстанда тағы 17 адам коронавирус жұқтырды

© AFP 2024 / PAOLO MIRANDAАуруханада кезекшілік атқарып жатқан дәрігерлер
Ауруханада кезекшілік атқарып жатқан дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 наурыз сағат 09:40-тағы жағдай бойынша қауіпті вирусты тағы он жеті адам жұқтырды, науқастардың жалпы саны 325-ке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы он жеті адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

"31 наурыз сағат 09:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9,  Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам тіркелген.

Осылайша республика бойынша індетке шалдыққандар саны 325-ке жетті. 21 адам жазылып шықты, 1 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 175
  • Алматы қаласында – 82
  • Шымкент қаласында – 2
  • Ақмола облысы – 10
  • Ақтөбе облысында – 3
  • Алматы облысында – 8
  • Атырау облысында – 13
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2
  • Жамбыл облысында – 3
  • Батыс Қазақстан облысында – 2
  • Қарағанды облысы – 13
  • Қызылорда облысы – 8
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысында – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Жаңалықтар
0