17:54 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (591)
3203 0 0

Министр кішкентай оқушыға ата-анасын тыңдап, қолын күнде сабынмен жуып, көбірек кітап оқуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектебін қатты сағынып жүрген Нұрислам есімді оқушыға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектепті сағынып жылаған Нұрислам есімді оқушының видеосы тараған еді. Бүлдіршін анасының оған күнде ұрсатынын, сабақты дұрыс түсіндірмейтінін айтып мұңын шақты.

"Мен кеше видеоны көрдім. Педагог ретінде ол видео менің жүрегімді елжіретті. Менің айтарым: Нұрислам, анаң сені өте қатты жақсы көреді, саған тек жақсылық ойлайды. Сабақты жақсы оқығаныңды қалайды. Сондықтан оны ренжітпей, тыңдағаның дұрыс", - деді министр онлайн брифингте.

Аймағамбетов қазір барлық оқушы сыныптастары мен мұғалімдерін сағынып жүргенін айтты.

"Екі жұма демалыс ішінде біраз ата-ана мұғалімдердің жұмысы қаншалықты ауыр екенін түсінген шығар деп ойлаймын. Өзімнің жақындарымнан, таныстарым осыны байқап жүрмін. Нұрисламға айтатыным, сабақ тоқтатылмайды. Алтыншы сәуірден бастап күнде өз мұғаліміңмен виртуалды кездесу өткізіп, байланыста боласың. Қазір оған ата-анасының тілін алып, күнде қолын сабынмен жуып, кітапты көп оқып, сабаққа әрі қарай дайындалуы керек деп айтқым келеді", - деді ол.

Алтыншы сәуірден бастап қазақстандық оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. 16 наурыздан бері олар демалыста.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (591)

Тақырып бойынша

Коронавирусқа байланысты оқушылардың жазғы демалысы қысқара ма – министр жауабы
Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды
"Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
Министр 300 мың оқушыны компьютермен қалай қамтамасыз ететінін айтты
Кілт сөздер:
оқушылар
Загрузка...

Басты тақырып