Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті

© AFP 2024 / THIBAULT SAVARYМаман COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина дайындап жатыр
Маман COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина дайындап жатыр
 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 наурыз сағат 15:30-дағы жағдай бойынша қауіпті вирусты жұқтырған тағы 11 адам тiркеліп отыр, науқастардың жалпы саны – 336

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Елімізде тағы он бір адам індетке шалдықты.

"31 наурыз сағат 15:30-дағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелді, Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында - 1 адам", - делінген коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Осылайша республикада дертке шалдыққандар саны 336 адамға жетті. 22 адам сауығып шықса, екі адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 175
  • Алматы қаласында – 82
  • Қарағанды облысында - 13
  • Ақмола облысында - 10
  • Атырау облысы - 13
  • Жамбыл облысында -3
  • Шымкент қаласында - 2
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2
  • Алматы облысында - 8
  • Ақтөбе облысында - 3
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2
  • Павлодар облысында - 2
  • Маңғыстау облысында - 1
  • Қызылорда облысында - 18
  • Батыс Қазақстан облысында - 2.
Жаңалықтар
0