08:40 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (595)
650 0 0

Министр полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды медицина мекемелеріне жеткізу шарасын қолға алды. Біз мұндай адамдарды денсаулық сақтау органдарының тапсырысы бойынша іздейміз. Қазіргі кезде осы санатқа жататын тағы 47 адамның жүрген жері анықталып жатыр", - деді Тұрғымбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда министр халыққа үндеу жолдап, қазіргі шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

"Қазіргі кезде әлемнің бәрі қатаң оқшаулауда өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар. Үйден шықпаңыздар. Қазіргі кезде тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға да, алдымен, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде санитарлық ережелерді бұзу оқиғалары бар. Атап айтқанда, инфекцияны жұқтырған адамның емдеуден бас тартуы және қарым-қатынаста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру бойынша төрт іс қозғалды.

Төтенше жағдай және карантиндегі қалалар 

Қазақстанда 16 наурыз -15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Елорда, Алматы және коронавирус көп тіркелген қалалар карантинге жабылды. Өзге өңірлерде де төтенше жағдай режиміне қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (595)

Тақырып бойынша

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті
Жұмыстан үйге: елордалық полицейлер жүргізушілерді "Сергектің" көмегімен аңдиды
Білім министрі мектебін сағынып жүрген Нұрисламға жауап берді
Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  
Павлодар облысында екінші адам вирус жұқтырды деген ақпарат дұрыс болмай шықты
Кілт сөздер:
карантин, адам, полиция, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып