Қоғам

Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

© REUTERS / POOLМедицинское оборудование для больных коронавирусом
Медицинское оборудование для больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үшінші өлім Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Жалпы, қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір - Sputnik. Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды, деп хабарланды coronavirus2020 сайтында. 

"Қарағанды облысында коронавирустық инфекциядан бір адам қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 нуарызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. 

Барлығы қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жетті. 24 адам жазылып шықты.

Қазақстан қалалары мен өңірлерінде қанша адам індетке шалдықты

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 184
  • Алматы қаласы – 84
  • Шымкент қаласы – 3
  • Ақмола облысы – 16
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Алматы облысы – 8
  • Атырау облысы – 16
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2
  • Жамбыл облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қарағанды облысы – 14
  • Қызылорда облысы – 18
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 3
  • Түркістан облысы – 5.
Жаңалықтар
0