Қоғам

Залалсыздандыру құралдары адам өміріне қауіпті ме – әкімдік жауабы

© REUTERS / MUKHTAR KHOLDORBEKOVДезинфекция в Нур-Султане
Дезинфекция в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері, тұрғын үй алаңдарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 1 сәуір– Sputnik. Нұр-Сұлтанда қолданылып жатқан залалсыздандыру құралдарының адамға, құстар мен жануарларға еш зияны жоқ. Бұл туралы астана қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері, тұрғын үй алаңдарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күнделікті жұмыста қорғаныс министрлігі мен жекеменшік ұйымдардан 470 адам жұмылдырылған. 231 адам қорғаныс министрлігінің адамы, ал қалған жұмыс жеке кәсіпкерлердің тарапынан орындалып жатыр. Дезинфекция жүргізуге арнайы 50-ден аса техника бар.

"Қалада барлық сауда орындарында, шағын сауда дүкендерінде, мешіттер мен үй кіреберістеріне, лифттерге күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдаланылатын құралдардың микроб бен вирустарды өлтіруге әсер ететін күші бар. Залалсыздандыру құралдары адамдар мен жануарларға зиянсыз. Арнайы құралдар толықтай сатып алынды",- деді ол.

Қалада залалсыздандыру жұмыстары екі ауысыммен жұмыс істейді. Тазаланатын орындар алдын ала хабарланады, алдын ала лифттер тоқтатылады. Тазалау жұмыстарын атқаратындардың барлығы арнайы киіммен жабдықталған. 

Тағы оқыңыз: "Жылай бастаймын": елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді

Сонымен қатар  қала әкімінің орынбасары түнгі он бірден кейін дәрі шашылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Дезинфекция аспаннан шашу арқылы жүргізіледі деген ақпарат шындыққа жатпайды. Ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мамандармен кеңесе келе бұл жолдың тиімді емес екені бұған дейін де айтылды",- деді ол.

Жаңалықтар
0