08:41 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (493)
1103730

Бірыңғай жиынтық төлем көлемі қалада 2 651 теңге, ал ауылда 1 325 теңген. Бейресми жұмыс істеп жүргендер осы соманы төлесе, 42 500 теңгені ай сайын алатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірыңғай жиынтық төлемді жылдам аударудың әдісін түсіндірді. Бейресми жұмыс істеген азаматтар осы төлемді бір рет жасаса, төтенше жағдайда табыстан айырылғаны үшін ай сайын 42 500 теңгені ала алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, президенттің кешегі тапсырмасынан кейін бейресми, яғни еш жерде тіркелмей, өз бетімен жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға да 42 500 теңгенің жәрдемақысы берілетін болды. Ол үшін осы санатқа кіретін азаматтар бірыңғай жиынтық төлемін төлесе жеткілікті. Бүгінде екінші деңгейлі банктердің ұялы қосымшасында арнайы қызмет бар. Сол арқылы аударуға болады. Бұдан бөлек, телефонмен SMS жіберу арқылы жасауға мүмкіндік бар.    

"Телефоннан "5505" деген нөмірге SMS хабарлама жазасыз. Ол жерге қаланың тұрғыны болсаңыз, латын әріптерімін "GOROD ESP" деп, қасына жеке сәйкестендіру нөміріңізді жазасыз, ал ауыл тұрғыны болсаңыз  "SELO ESP" + ЖСН белгілейсіз. Осыны жібергеннен кейін төлеміңіз есепке түседі. Бұдан кейін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігіңіз болады. Ол үш күннің ішінде есепшотыңызға түседі", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн брифингте. 

Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі қалада 2 651 теңге, ал ауылда 1  325 теңгені құрайды. Бейресми жұмыс істеп жүргендер осыны төлесе, 42 500 теңгені ай сайын алатын болады.

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі

  • Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Жеке практикамен айналысатындар;
  • Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар,
  • Каратинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (493)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек
Президент: 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алатындардың саны артады
Қазақстан коронавирусқа байланысты басқа елдерден гуманитарлық көмек сұрады
Министр 42 500 теңге туралы: табыстан айырылғанын дәлелдеудің қажеті жоқ
Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты 
Загрузка...

Басты тақырып