18:00 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (387)
5334 0 0

Қазақстанда төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте отырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгінгі онлайн брифинг кезінде министрге декретте отырғандарға қатысты сұрақ қойылды.

"Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандардың санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі қарастырылған ба?", - деп сұрады тілшілер. 

Министрдің айтуынша, ондай азаматтар 42 500 теңгенің жәрдемақысын ала алмайды.

"42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сондықтан декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады", - деді Нұрымбетов.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды. Осы санаттағы азаматтар бір рет бірыңғай жиынтық төлемін жасаса, 42 500 теңгені алатын болады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (387)

Тақырып бойынша

42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады
Министр 42 500 теңге туралы: табыстан айырылғанын дәлелдеудің қажеті жоқ
Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді
Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты 
Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге алатындардың тізімі кеңейтілді
Загрузка...

Басты тақырып