Қоғам

Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықты жұмыспен қамту үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге алады. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Премьер-министр әлеуметтік төлем алушылар қатары кеңейгенін атап өтті. Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен тұрмысы төмен азаматтар бар. 

"Шамамен 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі:

  • Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Жеке практикамен айналысатындар;
  • Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс
  • табатындар,
  • Карантинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.

Бұдан бөлек, ол халықты жұмыспен қамту үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылғанын айтты. 

Бұл 240 мыңнан аса жаңа уақытша әрі тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. 

Бұдан бөлек, 700 мыңнан аса бизнес субъектісі салықтық жеңілдіктерге ие болады.

 

Жаңалықтар
0