12:53 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (394)
429 0 0

"Жұмыспен қамту" жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 1 триллион теңге қарастырылған.  Министрдің айтуынша, әкімдер жол картасына кіретін жобаларды іріктеу жұмыстарын жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. "Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмысқа кірген азаматтардың жалақысы 85 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жұмыспен қамту" жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 1 триллион теңге қарастырылған. 
Министрдің айтуынша, әкімдер жол картасына кіретін жобаларды іріктеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жол картасына 7 мыңнан аса жоба енгізілген. 

"Оның ішінде 300-ден астамы өндіруші, келешегі бар, жаңа жұмыс орындарын құратын және алдағы уақытта өңірлердегі халықтың игілігіне қалатын әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар. Осы жобалар аясында 242 мың жұмыс орны құрылады. Жұмысшылардың жалақысы 85 мың теңгеден төмен емес", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Жол картасының талаптарына сәйкес, бұл жобаларға отандық жұмысшылар мен қызмет көрсетушілердің кемінде 90 проценті тартылуы тиіс. 

"Бұған қоса, жұмысқа тартылатын адамдардың кемінде жартысы жұмыссыз жастарға басымдық беріле отырып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылуы қажет", - деді ведомство басшысы. 

Оның ақпаратынша, жол картасы аясында іске асырылатын жобалардың 35%-і әлеуметтік саладағы нысандарға қатысты. 34%-і инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталса, 14%-і тұрғын үй-коммуналдық жүйе мәселелерін шешеді, ал 17%-і елді мекендерді абаттандырып, көркейтуге арналған.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (394)

Тақырып бойынша

42 500 теңге: министр "ЕСП" төлеудің оңай жолын көрсетті
Министр декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма деген сауалға жауап берді
Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек
Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Загрузка...

Басты тақырып