Қоғам

Қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны айтылды

© AFP 2024 / PASCAL GUYOTПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнде тағы 12 қазақстандық коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Індетке шалдығудың жаңа жағдайы елорда мен төрт өңірде тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанда 435 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.

Түнде Солтүстік Қазақстанда - 3, астанада - 6, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тағы бір жағдайдан тіркелген. 

Барлығы елде 435 адам коронавирус жұқтырды:

  • Нұр-Сұлтан - 199;
  • Алматы - 91;
  • Шымкент - 11;
  • Ақмола облысы - 19;
  • Ақтөбе облысы - 5;
  • Алматы облысы - 9;
  • Атырау облысы - 19;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 3;
  • Жамбыл облысы - 6;
  • Батыс Қазақстан облысы -2;
  • Қарағанды облысы - 21;
  • Қызылорда облысы - 26;
  • Маңғыстау облысы - 1;
  • Павлодар облысы - 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11;
  • Түркістан облысы - 11.

Індеттен республика бойынша үш адам қайтыс болды. Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. 1 сәуір күні үшінші адам Қарағанды облысында көз жұмды. 27 адам жазылып шықты.

Жаңалықтар
0