11:58 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (491)
993210

Ұлттық экономика вице-министрі төтенше жағдай салдарынан қиын жағдайда қалғандарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай салдарынан қиын жағдайда қалған шағын және орта бизнес субъектілеріне бір жылға дейін 8%-пен жеңілдікпен кредит беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттің тапсырмасымен қаржы регуляторлары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларын әзірледі. 

"Ұлттық банк төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бұл мақсатқа 600 миллиард теңге бөлінген. Кредит бір жылға 8% мөлшерлемемен айналым қаражатын толықтыруға беріледі", - деді Мәдиев онлайн брифингте. 

Сонымен қатар, банктер, микроқаржы ұйымдары мен өзге де қаржы институттары мына талаптарды орындауға міндеттелді: 

  • негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан, айыппұл мен өсімпұл есептемейді; 
  • төтенше жағдайға байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған ШОБ субъектілерінің төлемдері 90 күнге дейін шегерілді.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек
Министр декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма деген сауалға жауап берді
"Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі  
Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты
Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео
Загрузка...

Басты тақырып